Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткенді өлтіріп, өртеп кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда тұрғын үй кешендерінің бірінде бойжеткенді өлтіріп, өртеп кеткен. Бұл туралы әлеуметтік желіде хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полиция департаменті бұл деректі растады. Аталған факт ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, бұл істі Медеу аудандық ІІБ қарап жатқаны хабарланды.
"Арнайы жедел-тергеу тобы құрылды. Күдіктінің кім екені анықталды. Оны ұстауға бағытталған іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, жәбірленушінің жеңіл жүрісті әйел болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Қылмыстың мән-жайы мен себебі анықталып жатыр", - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
ZTB Telegram арнасының хабарлауынша, бұл қылмыс туралы алғашқы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Жазба авторы "жәбірленушіні алдымен тұншықтырып өлтіріп, кейін өртеп жіберген" деп мәлімдеген.
"Полицилерге күнделікті жалға берілетін пәтерлер жезөкшелер үйіне айналғанын талай рет айттық. Бірақ бұл ақпаратты олар елеген емес", - делінген хабарламада.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!