Тұншықтырып, суға батырған: Астанада 15 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұншықтырып, суға батырған: Астанада 15 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды Фото: polisia.kz

15 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

15 жылдан бері іздеуде жүрген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2009 жылы Павлодар полициясына жұбайының жоғалып кеткені туралы ер адам жүгінген. Оның айтуынша, ол досына кетіп, қайтып оралмаған. Жоғалған адамды іздестіру басталды, Қазақстан мен көрші мемлекеттің өңірлері бағдарланды, ол жақта жоғалған адам жайлы хабар тараған.

"Бір жылдан кейін көлден әйелдің мәйіті табылды. Геномдық сараптама жоғалған павлодарлықтың жеке басын растады, тергеу барысында кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Осы жылдар ішінде іс бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді, бірақ қылмысты ашу мүмкін болмады. Тергеу басшылықтың ерекше бақылауында болды", - делінгенген хабарламада.

Осы жылы жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының полициясы күдіктінің ізіне түскен. Ер адам жанжалдасқанда оны тұншықтырып өлтіргені анықталды, содан кейін ол денесін суға батырған.

"Оның ұзақ уақыт бойы аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыру орындарында болғаны анықталды. Ал 2022 жылы шартты түрде мерзімінен бұрын босатылды. Оны Астанада ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс қайта жанданды. Тергеу жалғасып жатыр", – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығы Балғабай Қапаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети