“Түрі ұнамаған“. Шымкентте ер адам көшедегі бөтен әйелді пышақтап өлтірген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Түрі ұнамаған“. Шымкентте ер адам көшедегі бөтен әйелді пышақтап өлтірген видео кадры

Шымкентте ер адам әйелді пышақтап өлтірді. Қылмыс қаланың қақ ортасында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте ер адам әйелді пышақтап өлтірді. Қылмыс қаланың қақ ортасында болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК сюжетіне сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, 41 жастағы әйел алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапқан. Күдіктінің айтуынша, мұндай жауыздыққа баруына марқұмның түр-әлпеті ұнамағаны себеп болыпты. Ол мұнымен қоймай, полицияға да қарсылық көрсеткен. Сол себепті тәртіп сақшылары оны ұстағанда қару қолдануға мәжбүр болған.

Күдікті жараланып, дереу ауруханаға жеткізілген. Бұған дейін де сотты болған күдіктіге "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

"Күдікті медициналық мекемеге жеткізілді және полицияның күзетінде. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу жүргізіліп жатыр", - деді Шымкент ПД бастығының міндетін атқарушы Арман Бейсенбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Шымкентте полиция әйелді өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстағаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.04  course up  601.1  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети