Түрген ауылында 8 жастағы қызды зорлады деп айыпталған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны 32 жастағы Даврон Қозыбағаровтың ісі сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Түрген ауылында 8 жастағы қызды зорлады деп айыпталған Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны 32 жастағы Даврон Қозыбағаровтың ісі сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"14 шілдеде іс материалдары Алматы облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық істер сотына жіберілді. Күдікті - Қозыбағаров Д., 1985 жылғы. Судья істі бес күннің ішінде өндіріске алады, сол себепті сот отырысы нақты қай күнге белгіленгені белгісіз", - деді Алматы облыстық сот баспасөз қызметіндегілер.
Еске салайық, 2008 жылға Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының маңында шабуыл жасалған болатын. 32 жастағы жергілікті тұрғын қызды зорлағысы келді деген күдікпен ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. "Құқық қорғау органдарына қыздың ата-анасынан 14 сәуірде кешкі уақытта арыз түсті. Арызда олар қыздарына қатысты құқыққа қайшы әрекет жасалғанын айтқан. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі бойынша ("Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер") тергеу жүріп жатыр. Тергеу шараларын Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімі жүргізіп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол Еңбекшіқазақ ауданының 1985 жылғы тұрғыны", - деп хабарлаған еді осыған дейін полицейлер. Облыстық ІІД өкілдері осы іс бойынша барлық қажетті сараптаманың тағайындалғанын хабарлады.
Ал кейін Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасының директоры Ролан Нұрбаев қыздың жағдайын айтып берген еді. "Қазіргі уақытта ол бізде ем алып жатыр, негізгі диагноз бас сүйек миы зақымданған, миы шайқалған, көз алмасы зақымданған. Оған неврологиялық салада көмек көрсетіліп жатыр. Біз психологиялық көмекте көрсетіп жатырмыз. Психолог күн сайын онымен жұмыс істейді", - деп хабарлаған болатын Нұрбаев.