Түргенде 8 жасар қызды зорламақ болды деп айыпталған ер адамның соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түргенде 8 жасар қызды зорламақ болды деп айыпталған ер адамның соты басталды Айыпталушы. © Tengrinews.kz

Түргенде 8 жастағы қызды зорламақ болды деп айыпталған ер адамның соты басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түргенде 8 жастағы қызды зорламақ болды деп айыпталған ер адамның соты басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот алдында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының 32 жастағы тұрғыны жауап береді. Ол кәмелет жасына толмаған адамға қатысты сексуалдық мәндегі зорлық әрекетін жасады деп айыпталып жатыр (ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі).

Еске салайық, 14 сәуірде Еңбекшіқазақ ауданындағы Түрген ауылының маңында 2008 жылы туған қызға шабуыл жасалған болатын. 32 жастағы жергілікті тұрғын қызды зорлағысы келді деген күдікпен ұсталған. Тергеу шараларын Еңбекшіқазақ аудандық ішкі істер бөлімі жүргізді. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

17 шілдеде күдікті Даврон Қозыбағаровқа қатысты тергеу аяқталып, онң ісі сотқа жолданғаны белгілі болды. 

Ал кейін Алматы өңірлік балалар клиникалық ауруханасының директоры Ролан Нұрбаев қыздың жағдайын айтып берген еді. "Қазіргі уақытта ол бізде ем алып жатыр, негізгі диагноз бас сүйек миы зақымданған, миы шайқалған, көз алмасы зақымданған. Оған неврологиялық салада көмек көрсетіліп жатыр. Біз психологиялық көмекте көрсетіп жатырмыз. Психолог күн сайын онымен жұмыс істейді", - деп хабарлаған болатын Нұрбаев. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети