13 қыркүйек 2024 | 09:51

Тұрғын үй кешені күзетшісін аяусыз өлтіру оқиғасы: Алматы прокуратурасы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Алматы прокуратурасы "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешеніндегі күзетшінің өліміне қатысты тергеудің үзілгені туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы прокуратурасы "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешеніндегі күзетшінің өліміне қатысты тергеудің үзілгені туралы ақпаратқа пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қадағалау органы адам өлтіруге қатысты қылмыстық іс биыл наурыздан бастап тергеліп жатқанын хабарлады.

"Сот психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысы негізінде ҚР ҚІЖК 511-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес, күдікті психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық ұйымға орналастырылды. Осыған байланысты соталды тергеп-тексеру мерзімі ҚР ҚІЖК-нің 45-бабы, 7-бөлігі, 4-тармағы негізінде үзілді", - деп хабарлады прокуратура.

Ведомство "стационарлық байқау қорытындысы бойынша, іс бойынша іс жүргізу қайта басталып, мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілетінін" атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 484.48   531.35   5.03 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети