Тұрғын үй кешені күзетшісін аяусыз өлтіру оқиғасы: тергеу қайта басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тұрғын үй кешені күзетшісін аяусыз өлтіру оқиғасы: тергеу қайта басталды видео кадры

Алматы полициясы наурызда "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен бірнеше рет қағып өлтірген бұрынғы депутаттың ұлына қатысты іс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полициясы наурызда "Меркур Тауэрс" тұрғын үй кешенінің күзетшісін көлігімен бірнеше рет қағып өлтірген бұрынғы депутаттың ұлына қатысты іс туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы Полиция департаменті редакцияның сауалына жауап ретінде тергеу бөлімі адам өлтіру дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

"Күдікті бірден қамауға алынды. Бұған дейін соталды тергеу мерзімі сот-психиатриялық зерттеу жүргізуге байланысты үзілген болатын. Қазіргі уақытта өндіріс қайта басталды, тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу аяқталғаннан кейін қылмыстық іс материалдары сотқа беріледі", - деп хабарлады полиция.

Еске салайық, бұған дейін прокуратура сот психологиялық-психиатриялық сараптамасының қорытындысы негізінде ҚР ҚІЖК 511-бабы 2-бөлігі 2-тармағына сәйкес, күдікті психиатриялық көмек көрсететін арнайы медициналық ұйымға орналастырылғанын хабарлаған болатын. Осыған байланысты соталды тергеп-тексеру мерзімі ҚР ҚІЖК-нің 45-бабы, 7-бөлігі, 4-тармағы негізінде үзілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети