Түркістан облысында балаларды ұрып-соққан тәрбиеші ісі: полиция мәлімдеме жасады

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында балаларды ұрып-соққан тәрбиеші ісі: полиция мәлімдеме жасады Видеодан алынған кадр

Түркістан облысындағы лагерьде жасөспірімдерді ұрып-соғу дерегі бойынша полиция мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы лагерьде жасөспірімдерді ұрып-соғу дерегі бойынша полиция мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ғаламторда лагерь тәрбиешісі кәмелетке толмаған балаларды ұрып жатқан видео пайда болды. Төле би аудандық полиция бөліміне Біркөлік ауылында орналасқан лагерьде тәрбиеші төрт кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтірді деген хабар келді. 

Бұл дерек Төле би АПБ-да сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК 140-бабы, 2-бөлігіне сәйкес тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Қызіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бұған дейін желіде Түркістан облысы Төле би ауданындағы "Сұңқар" лагерінде балалармен қатыгез қарым-қатынас жасаған тәрбиеші түскен видео пайда болған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети