Түркістан облысында лауазымды тұлғалардың ұсталған сәтінде түсірілген видео жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында лауазымды тұлғалардың ұсталған сәтінде түсірілген видео жарияланды видеодан үзінді

Түркістан облысында бірнеше лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикоррупциялық қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында бірнеше лауазымды тұлға пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Антикоррупциялық қызметі өкілдері мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ұсталғандардың видеосы Антикоррупциялық қызметтіі YouTube-каналында жарияланды. Онда бірнеше адам және белгіленген купюралар түсірілген. 

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, Түркістан облысындағы қорғаныс істері және білім беру ұйымдарында қызмет еткен лауазымды тұлғалар пара алды деген күдікпен ұсталған. 

"Тәулік ішінде Түркістан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қорғаныс істері және білім беру ұйымдарында қызмет еткен лауазымды тұлғаларға қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу шараларын бастаған", - делінген ведомство хабарламасында.

Облыстық қорғаныс істері жөніндегіОтырар аудандық тобының басшысы ҚР Әскери борышын өтеуді кейінгі қалдыру үшін 80 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді. 

Сондай-ақ, Жетісай ауданында № 15 колледж директоры еңбек келісімін созу үшін 250 мың теңге алды деген күдікке ілінді. 

Мақтаарал ауданында № 34 Бірлік атындағы орта мектептің директоры азаматты жұмысқа (еден жуушы, ауал сыпырушы) алу үшін 150 мың теңге пара алған. 

Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети