Түркістан облысында мүгедектік алып беремін деп уәде берген алаяқ ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында мүгедектік алып беремін деп уәде берген алаяқ ұсталды

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мүгедектік алып беремін деп уәде берген алаяқ ұсталды, -деп хабарлайды "Отырар".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Мақтаарал ауданында мүгедектік алып беремін деп уәде берген алаяқ ұсталды, -деп хабарлайды "Отырар".

Тергеу мәліметінше, ұсталған ер адам жергілікті тұрғынның үйіне қонаққа барып, жәбірленушінің ұлы орталық аурухананың есебінде тұратынын біліп, сенімдеріне кіріп, мүгедектік алып беремін деп уәде беріп, құжаттарымен бірге 140 000 теңге ақшасын алып, бөтеннің мүлкін алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен иемдену яғни алаяқтық жасаған.

Сондай-ақ, басылымның мәліметінше, алаяқтық әрекетін одан ары жалғастырып, келесі жәбірленушіден 130 000 теңге ақшасын алып, әдеттегідей мүгедектік зейнетақы алатын етіп жасап беремін деп алдаған. Оған қоса, Өзбекстан Республикасының азаматшасы, бүгінде уақытша Мақтаралда тұрып жатқан әйелдің баласында мүгедектікке шығарып беретінін айтып, сеніміне кіріп, 170 000 теңгесін жымқырады.

"ҚР ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Аудандық полицейлердің кәсіби шеберлігінің, қырағылығының арқасында жоғарыдағы 3 бірдей жәбірленушілердің арызына орай шұғыл түрде іздестіру шаралары жасалды. Жедел іздестіру нәтижесінде күдікті бір аптада ұсталды. Алайда алаяқтықпен айналысқан ер адам 3 жәбірленушіге келтірген шығын көлемін өтеп, арызданушылардың кешіруіне байланысты іс тоқтатылды", - деп жазады басылым.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети