Түркістан облысында шенеунікке алаяқтық бабы бойынша айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында шенеунікке алаяқтық бабы бойынша айып тағылды

Түркістан облысында шенеунікке алаяқтық бабы бойынша айып тағылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында шенеунікке алаяқтық бабы бойынша айып тағылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Антикоррупциялық қызметке сілтеме жасап. 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облысының ҰҚКД-мен бірлесе отырып, қызмет бабын пайдаланып, алаяқтық жасады деген күдікпен Түркістан облысы бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Қазығұрт аудандық жер кадастры және тіркеу бөлімінің басшысы әшкереленді.

"Ол азаматтың жер учаскесіне мемлекеттік актіні және үйге техникалық паспортты беру үшін бұрын келісілген 200 000 теңгеден 140 000 теңге көлеміндегі ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденуге күдікті деп танылды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің өкілдері.

Күдіктіге қатысты түпкілікті шешімді оның кінәсінің дегейін анықтау арқылы сот қабылдайтын болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети