Түркістанда полицей 7 жастағы қызды қағып өлтірген

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда полицей 7 жастағы қызды қағып өлтірген

Оңтүстік Қазақстан облысында баланы қағып өлтірген полицей қамауға алында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 


Оңтүстік Қазақстан облысында баланы қағып өлтірген полицей қамауға алында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап. 

Түркістан станциясының ЖІІБ патрульдік қызметкері 5 жылға сотталуы мүмкін. Полицей қағып кеткен 7 жастағы қыз қаза болды, ал оның ағасы көптеген жарақат алған. Бұл жағдайды бір ай бойы жасыруға тырысқан, алайда, бүгін облыстық прокуратураның өкілі Руслан Абдыраимов бұл жағдай туралы мәлімдеді. 

Оқиға 1 наурызда болған. Қыз бала мен ағасы қаладағы көшелердің бірінде бағдаршамның жасыл шамының жануын күтіп тұрған. Осы кезде оларды көлік қағады. Полицейдің өзі жарақат алмады, ол бірден ұсталды. Прокуратураның мәліметі бойынша, көлік сағатын 120 шықырым жылдамдықпен келе жатқан. Полицей жұмысқа кешігіп бара жатқандықтан асыққанын айтады, дегенмен, оқиға 11:30-да болған. Ұсталған ер адам полицияда істегеніне бір ай ғана болған.  

Қазіргі кезде қылмыстық іс сот қарауына берілді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети