Түркістанда жезөкшелікпен айналысуға арналған үш притон анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда жезөкшелікпен айналысуға арналған үш притон анықталды

Түркістанда жезөкшелікпен айналысуға арналған 3 притон анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала прокуроры Руслан Әбдірайымов хабарлады. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда жезөкшелікпен айналысуға арналған 3 притон анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы қала прокуроры Руслан Әбдірайымов хабарлады. 

"Құрметті Түркістандықтар! Ағымдағы жылы жезөкшелікпен айналысуға арналған притонды анықтауға бағытталған жұмыстар жалғасатыны туралы 28 тамыз 2017 жылы өз парақшамда жазған болатынмын. Заңға да, әдеп-ғұрпымызға да қайшы болып табылатын кәсіптің бұл түрі тоқтамай, онымен күрес те тоқтамайды. 2017 жылдың тамыз айынан бері Түркістан қаласында жезөкшелікпен айналысуға арналған 3 притон анықталды, оның ішінде 2 іс айыптау актісімен сотқа жолданып, 1-уі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүруде. Кінәсі дәлелденген жағдайда міндетті түрде сот алдында жауап беретін болады", - деп жазды ол Facebook желісінде. 

Сонымен қатар, қала прокуроры мұның алдында притонның жұмысын ұйымдастырғаны үшін ұсталған күдікті 44 жастағы "Г" есімді әйелдің Түркістан қалалық сотының 2017 жылдың 15 тамыздағы үкімімен ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөлігімен түпкілікті 2 жыл 6 айға нақты бас бостандығынан айыруға сотталып, сот залынан қамауға алынғанын жазғанын еске салды. 

"Демек, санасы барларға заңсыз жолмен пайда табушылардың ойланатын уақыты БҮГІН келгенін, ЕРТЕҢ КЕШ екенін құқық қорғау органы ескертеді...", - деп жазды Руслан Әбдірайымов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети