16 қыркүйек 2024 | 09:22

Түркия Қазақстанның сұрауы бойынша күдіктіні ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Түркиядан бөтеннің мүлкі аса ірі мөлшерде иемденгені үшін күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркиядан бөтеннің мүлкі аса ірі мөлшерде иемденгені үшін күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы және Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлерімен, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігінің қолдауымен қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Түркия Республикасынан Қазақстан азаматы экстрадицияланды.

"Күдікті 2022-2023 жылдар аралығында Алматыдағы коммерциялық ұйымның бухгалтері бола отырып, төлем тапсырмаларына жалған мәліметтер енгізу арқылы өзіне сеніп тапсырылған 27 миллион теңгеге жуық ақшалай қаражатын заңсыз иемденген. Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынған, осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.

Биыл тамызда ол Түркия аумағында ұсталып, содан кейін Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша қазақстандық құқық қорғау органдарына берілген.

"Қазіргі уақытта аталған адам Астананың тергеу изоляторына қамалды. Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети