03 қазан 2014 | 12:02

Түркиядан 60 келі алтын заңсыз әкелінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©katyaburg.ru ©katyaburg.ru

Қазақстан азаматы Түркиядан алтыннан жасалған 60 келі зергерлік бұйымды заңсыз алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан азаматы Түркиядан алтыннан жасалған 60 келі зергерлік бұйымды заңсыз алып келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Шекарашылар контрабандалық жолмен келген жүктің жолын кесті. "Алматы" өткізу пунктінің шекара жасағы Ыстамбұл - Алматы бағытындағы КС-912 рейсі жолаушыларын тексеру кезінде Қазақстанның 26 жастағы азаматын ұстады, ол контрабандалық жүкті үш сөмкеге салып алып өтпек болған.

"Жүкті тексеру барысында контрабандалық заттар табылды - жалпы салмағы 60 келуге жуықтайтын зергерлік бұйымдар, ол бұл заттарды үш сөмкеге жақсылап жасырған. Азаматты ұстау дерегі өзара әрекет етуші органдарға хабарланды. Жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды Шекара қызметі. 

Айта кетейік, Түркия елімізге келетін контрабандалық тауарлар саны жөнінен екінші орында тұр. Бұл туралы шілде айында Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті хабарлаған болатын. Көбіне Түркиядан зергерлік әшекейлер заңсыз әкелінеді.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети