Түркиядан адам өлтірді деген күдікті қазақстандық экстрадицияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркиядан адам өлтірді деген күдікті қазақстандық экстрадицияланды видео кадры

Адам өлтіргені үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам өлтіргені үшін күдікке ілінген Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен тонау, кісі өлтіру және ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан азаматы Түркиядан экстрадицияланғаны айтылды.

"2022 жылдың наурыз айында Алматы облысында күдікті өзінің ағасымен бірлесіп құны 300 миллион теңгеден астам темекі өнімдерін тасымалдайтын жүк көлігінің жүргізушісіне қарақшылық шабуыл жасаған. Жүргізушіні өлтіріп, мәйітті жол бойындағы шұңқырға көмген.

Қылмыс жасаған күдіктілердің бірі ұсталып, нәтижесінде сотталды, ал екіншісі тергеуден қашып үлгерді, сондықтан оған халықаралық іздеу жарияланды", - делінген хабарламада.

2023 жылғы тамызда екінші күдікті Түркияда ұсталды. Қазір ол Астанадағы тергеу изоляторында қамауда.

Осы қылмыстарды жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, он бес жылдан жиырма жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети