18 қаңтар 2020 | 11:19

Түркістан облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері қамауға алынды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әнуарбек Маймақов © vera.kz Әнуарбек Маймақов © vera.kz

Түркістан облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Әнуарбек Маймақовқа айып тағылды, ол үйқамаққа алынды, - деп хабарлайды Vera.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері Әнуарбек Маймақовқа айып тағылды, ол үйқамаққа алынды, - деп хабарлайды Vera.kz.

17 қаңтарда Шымкент тергеу соты санкция шығарды. Медицина ғылымдарының кандидаты сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденді немесе ысырап етті деген күдікке ілінді. Айып Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті жүргізген сотқа дейінгі тергеу шеңберінде тағылған.

"Оған аурухананың бас дәрігері болған кезінде, екі адвокатпен аурухана атынан келісім жасап, ақша аударғаны үшін айып тағылды. Біріне - 400 мың теңге, екіншісіне - 280 мың теңге. Адвокаттарға қызмет көрсетуге келісім болған, бірақ ешқандай жұмыс істелмеген, жай ақшаны иемденіп алды-мыс. Бірақ қазіргі таңда осы іс бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, ауруханада тексеру жүреді", - деді экс-бас дәрігердің адвокаты Сапар Әміртаев.

Маймақов үй қамауында екі ай болады. Айтылған баптың санкциясы екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сондай-ақ айыппұл да қарастырылған.

Облыстық балалар ауруханасын Әнуарбек Маймақов 2009 жылдан бері басқарады. Басылымның мәліметінше, бұл онымен байланысты бірінші жанжал емес. 2017 жылы мекеме ұжымы прокуратураға бас дәрігер медицина қызметкерлеріне жалақы төлемей жүр деп шағымданған. 

Ал 2019 жылдың қазанында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Шыңғыс Қабдұла аурухана басшысы 38,5 миллион теңге бюджет қаражатын жымқырды деп күдікке ілінгенін хабарлаған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети