30 қыркүйек 2020 14:24

Түркістан облысында 700 келі есірткі тасымалдағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері 700 келі есірткі тасымалдаған ер адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 


Түркістан облысында полиция қызметкерлері 700 келі есірткі тасымалдаған ер адамдарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап. 

Түркістан облысы полиция департаменті басшысының орынбасары Асылжан Қалдарбеков облыста "Қарасора-2020" жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізілгенін атап өтті. Операция аясында облыстық есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Созақ аудандық полиция басқармасының полицейлері, жергілікті қорықшылармен бірге Toyota Land Cruiser көлігімен ірі көлемде есірткі тасымалдағандарды ұстаған.

"Жедел уәкілдер көлікті тінту кезінде 37 полиэтилен қапшығы мен өсімдік тектес есірткі заттары бар бірнеше ыдысты тапты. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленіп алынған есірткі заты салмағы 650 келіден асатын "кептірілген марихуана" және 48 келіге жуық "гашиш" болып шықты", - дейді Асылжан Қалдарбеков брифингте.

Ол ұсталған екі күдікті Нұр-Сұлтан қаласы және Жамбыл облысының тұрғындары екенін, олардың бұрын сотталғанын атап өтті.

"Күдіктілер есірткі салынған қапшықтар мен ыдыстарды алдын ала дайындап, Жамбыл облысынан шыққаны белгілі болды. Кейін олар Созақ ауданы арқылы айналма жолмен Қостанай облысына қарай бармақшы болған. Алайда Бетпақдала аумағында жасырынып кетіп бара жатқан көлікті қорықшы байқап, полицияға хабар берген", - деді басшы.

Сондай-ақ, Асылжан Қалдарбеков күдіктілер Созақ аудандық полиция бөліміне жеткізілгенін атап өтті.

"Бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі ("Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу") бойынша сотқа тергеу басталды. Қазіргі таңда күдіктілер қамауда отыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полиция басшысының орынбасары.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 467.21   490.7   5.37 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети