Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасарына оқ атқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында аудан әкімінің орынбасарына оқ атқан © ng72.ru

Түркістан облысында Төле би ауданы әкімінің орынбасарына оқ атылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында Төле би ауданы әкімінің орынбасарына оқ атылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта полиция тергеу шараларын жүргізіп жатыр. "Оқиға бірыңғай реестрге тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. Ішкі істер органы қызметкерлері күдіктілердің кім екенін анықтау және ұстау шараларын жүргізіп жатыр. Олар бірнеше адам болған. Әкім орынбасары мен әйел адам қатты зардап шекпеген", - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова. 

Бейресми деректер бойынша, көршілердің айтуынша, шабуыл түскі үзіліс уақытында зардап шеккен ер адамның үйінің маңында болған. Атылған оқтың дыбысына шыққан көршілер шабуылдаған адамдарды үркітіп жіберген. Зардап шеккен әкім орынбасары осы қызметте шамамен жеті жылдан бері қызмет атқарып келеді екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети