28 шілде 2022 | 08:50

Түркістан облысында басшы қарамағындағы қызметкерінен миллион теңге талап еткен

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры/otyrar.kz Видео кадры/otyrar.kz

Түркістан облысында департамент басшысы ұсталды. Ол миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеушілердің айтуынша, бұл ақшаны оның қызметкері жұмыста қалу үшін берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar арнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында департамент басшысы ұсталды. Ол миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Тергеушілердің айтуынша, бұл ақшаны оның қызметкері жұмыста қалу үшін берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Оtyrar арнасына сілтеме жасап.

"Түркістан облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жергілікті ҰҚК-мен (Ұлттық қауіпсіздік комитеті) бірлесіп, жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, алаяқтық жасаған Сарыағаш ауданының тұрғынын қолға түсірді. 

Криминалдық полиция басқармасына Келес ауданының тұрғыны шағымданып, басшысының үстінен арыз түсірді. Арызда мекемедегі бөлім басшысы қызметтік жағдайын пайдаланып, оны жұмыста қалдыру үшін ақша талап еткені айтылған. Деректі полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлігі ("Алаяқтық") бойынша тіркеді", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Қылмысты ашу мақсатында Криминалдық полиция басқармасы, жедел қимылдайтын арнайы жасақ пен Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінен арнайы топ құрылды. Жоспарға сай атқарылған жұмыс нәтижесінде, жедел уәкілдер Келес ауданындағы Абай кенті көшелерінің бірінде күдіктіні жәбірленушіден 1 миллион теңге алып жатқан кезінде ұстады. Қазір бұл жайт бойынша соталды тергеу амалдары басталды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети