Түркістан облысында белгісіз біреу қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында белгісіз біреу қызды интим суреттерін жариялаймын деп бопсалаған Көрнекі сурет. © uganka.ru

Түркістан облысы Жетісай ауданы полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы Жетісай ауданы полициясының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданған, - деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз қыз осы жылдың маусым айынан бастап оның кәмелетке толмаған қызын бопсалап, әлеуметтік желілерде интим сипаттағы видеолар жариялаймын деп қорқытқан.

"Күдіктінің аты-жөнін анықтау мақсатында криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді. Нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні жәбірленушіден 120 мың теңге алып жатқан жерінен ұстады. Ұсталған қыз Мақтарал ауданының тұрғыны болып шықты. Дәлел зат ретінде одан ақша мен бейнематериалдар алынды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдікті ешқайда кетпеу туралы қолхатпен шықты. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети