12 тамыз 2023 | 14:40

Түркістан облысында жоғалып кеткен күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелі ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында жоғалып кеткен күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында жоғалып кеткен күйеуін өлтірді деген күдікпен әйел ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

12 тамызда Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясына жергілікті тұрғыннан екі күн бұрын 38 жастағы інісі жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті.

"Аудандық полиция бөлімінің барлық жеке құрамы жоғалған тұрғынды іздеуге жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізген полицейлер отбасылық жанжалдан кейін күйеуін өлтірді деген күдікпен ауданның тұрғынын анықтап, ұстады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді", - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков

Күдікті әйел уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қайғылы жағдай тіркелген отбасы ішкі істер органдарында есепте тұрмаған және отбасылық жанжал бойынша бұрын полицияға жүгінбеген.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігімен "Кісі өлтіру" бойынша сотады тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети