27 тамыз 2020 | 15:46

Түркістан облысында жұмысқа орналастырамын деп 30-ға жуық адамды алдаған әйел сотталды

Түркістан облысында 30-ға жуық тұрғынды алдаған алаяқ әйел бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында 30-ға жуық тұрғынды алдаған алаяқ әйел бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәуір айының соңында жергілікті полицейлер жұмысқа орналастырамын деп 30-ға жуық тұрғынды алдаған алаяқ әйелді ұстаған болатын. Егде жастағы әйел ешқайда тіркелмеген мүгедек балаларды оңалту орталығына жұмысқа қабылдаймын деп алдап, әр адамнан 300-700 мың теңге аралығында ақшаларын алып кеткен болатын.

Реклама
Реклама

Осы жайтқа байланысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іс тіркеліп,сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілген еді. Полицейлер жеткілікті дәлелдемелер негізінде кінәні мойындау туралы мәміле нысанындағы процестік келісім жасалып, ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 612-бабы бойынша іс Мақтаарал аудандық сотына жолданған.

Мақтаарал аудандық сотының үкімімен әйел қатысты 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айырылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная