11 тамыз 2020 | 12:45

Түркістан облысында карантин кезінде ұзату тойын өткізгендер әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзып, қыз ұзату тойын жасаған екі бірдей тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында карантин талаптарын бұзып, қыз ұзату тойын жасаған екі бірдей тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген режимде қызмет жасауларын жалғастырып жатыр. Яғни күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, адам көп жиналатын бас қосулар, той-жиындар, іс-шараларды өткізуге тыйым салып, қауіпсіздік шараларын қадағалап жатыр.

Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері кезекті рейд барысында үйінің ауласында туыстарының басын қауіп-қатерге тігіп, қыз ұзату жиынын жасаған тұрғынды анықтады. Бұл жайтты полицейлер өздерінің күндізгі рейдтеріне кірісіп, үйлерді аралау барысында анықтаған.

Дәл осындай жағдай Кентау қаласында да анықталды. Жергілікті тұрғынның Кентау қаласындағы мейрамханалардың бірінде қыз ұзату тойын жасағаны анықталды. Тәртіп сақшылары осы екі жайтқа қатысты карантин талаптарын бұзған тұрғындарға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша хаттама толтырды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети