Биыл 4 қазанда түнгі уақытта Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Оның айтуынша, белгісіз біреулер үйінің алдында тұрған "Тойота Прадо" маркалы автокөлігінің алдыңғы оң жақ жолаушы терезесін сындырып, ішінде тұрған 50 000 теңгесін жымқырған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл 4 қазанда түнгі уақытта Түркістан облысы Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түседі. Оның айтуынша, белгісіз біреулер үйінің алдында тұрған "Тойота Прадо" маркалы автокөлігінің алдыңғы оң жақ жолаушы терезесін сындырып, ішінде тұрған 50 000 теңгесін жымқырған, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оған қоса осы түні сағат 01:00 мен 04:00 аралығында полицейлерге бұдан бөлек тағы 6 жергілікті тұрғыннан шағым келіп түседі. Барлық жәбірленушілер көліктерінің есіктерін сындырған ұрылар жөнінде хабарлаған, белгісіз тұлғалар көлік ішіндегі бар ақшаларын жасырын алып кеткен. Тіпті бір жәбірленушінің ауласында тұрған 2 автокөлігінің терезесін сындырып, ақшасын ұрлаған. Күдіктілер барлығы 8 автокөлікке ұрлыққа түсіп, жалпы жәбірленушілерге 300 000-ға жуық теңге шығын келтірген. Аталған жайттар сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша тіркелді. Бір емес бірнеше тұрғынға залал келтірген қылмысты ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында Сайрам АПБ-нің жеке құрамы толық жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Жақын аймақтарды аралап көріп, көрген-білгендерден сұрастырып, қажетті деп танылған іс-шараларды іске асырды.
Нәтижесінде 2 сағат көлемінде күдіктілер ұсталды. Белгілі болғандай, күдіктілер бейнебақылау камераларына түсіп қалған, сондай-ақ, таңғы уақытта адамдар сирек жүретін болғандықтан, полицейлер көше-көшеде бірең-сараң жүрген адамдардан сұрастырып, 2 бірдей жас жігіттен күдіктенеді. Тоқтатып сөйлеседі, сұрақ-жауап барысында олардың ұрылар екендігі анықталады.
Күдіктілер кінәсін толық мойындады, айғақты заттар алынып, тәркіленді, олар өз сөздерінде қаладан гөрі ауылды жерде ұрлық жасауға оңай деген оймен арнайы келіп, бірнеше көліктерге залал келтіргенін айтқан. Тәртіп сақшылары анықтауынша, ұсталғандардың екеуі де Шымкент қаласының тұрғындары, "Балалар үйінің" тәрбиеленушілер. Біреуі бұрын сотты болған. Қазір таңда екеуі де қамауда.
Сайрам АПБ 7 жәбірленушінің арызы біріктіріліп, 5 дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде Түркістан облысы полицейлері өз мүліктеріңізге сақ болыңыздар деп ескертеді. Мүмкіндігінше аулаларыңызға бейнебақылау камераларын орнатыңыздар. Ал, көліктеріңізге дабылқаққыш орнату міндет.
Қауіпсіздік шараларын іске асрыатын болсаңыз, ұрылардың жолы жабылмақ деп кеңес береді. Сонда да ұрылардың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада полицияға хабар беріңіздер.