25 тамыз 2018 11:34

Түркістан облысында құрылыс бөлімінің басшысы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Түркістан облысы бойынша өкілдері Сайрам ауданы әкімдігінің Құрылыс бөлімі басшысының қылмысын әшкереледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі бюроның ресми өкілі Нұрлан Жахинға сілтеме жасап.

Ол ЖШС өкілінен 12 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді.

"Күдікті Сайрам ауданы Ақбай ауылындағы орта мектептің қосымша корпусының құрылыс жұмыстарына жалпы сомасы 400,5 миллион теңгені құрайтын мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт жасағандағы үшін делдалдар арқылы бөлік-бөлігімен ақша қаражаттарын алып отырған.", - делінген хабарламада. 

Күдікті қазіргі уақытта ұсталып, қамауға алынды. Делдалдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети