Түркістан облысында қыздарды зорлады деген күдікті балабақшада жұмыс істеген

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында қыздарды зорлады деген күдікті балабақшада жұмыс істеген Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында қыздарды зорлады деген күдікті балабақшада жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында қыздарды зорлады деген күдікті балабақшада жұмыс істеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кәмелетке толмаған қыздарға қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікті балабақшада жұмыс істейтіні расталды.

"Ол жекеменшік балабақшада күзетші болып жұмыс істеген. Оқиғадан кейін хаттама жасалып, бірден жұмыстан шығарылды", - деп хабарлады Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Ведомство кәмелетке толмаған балаларды зорлау ісі облыстық білім басқармасының бақылауында екенін хабарлады.

"Қыздың анасы аудандық полиция бөліміне хабарласқан. Білім беру саласының өкілдері және психологиялық мамандармен тікелей жұмыс жүргізіліп жатыр. Оқиға жазғы демалыс кезінде болған. Қазір тиісті сараптамалар жүргізіліп жатыр. Бүгін облыстық бала құқықтары жөніндегі уәкіл оқушылар мен ата-аналарға психологиялық-құқықтық қолдау көрсету бойынша іс-шаралар жүргізді. Осы факт бойынша Отырар ПБ Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдарын бастады", - деп хабарлады Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салайық, Отырар ауданындағы жантүршігерлік оқиға бейсенбіде белгілі болды. Балаларды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Полиция тергеу құпиясын алға тартып, оның жеке мәліметтерін жария етпеді.

Түркістан облысының тұрғыны зорлаған балалар саны 15-ке жетті - адвокат

Кейінірек Түркістан облысының Полиция департаменті жәберленушілер саны 15-ке жеткені туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети