28 қаңтар 2021 | 10:12

Түркістан облысында мал ұрлады деп айыпталған шекарашылар соты басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстративное фото Иллюстративное фото

Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара жасағына және әскери қызметкерге қатысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында Ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарасты шекара жасағына және әскери қызметкерге қатысты сот процесі басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Іс материалында ҰҚК шекара қызметкерлері жеті сиыр, үш қой және бір жылқы ұрлағаны айтылған. Сотталушылар былтырғы жаздан бастап Келес ауданында қылмыстық ойын жүзеге асырып келген. Олар қараусыз қалған жануарларды бақылап, кейіннен көлікке салып алып кетіп жүрген. Ұрланған малды жергілікті тұрғындарға сатқан. Залалдың жалпы сомасы - 3 миллион теңге. Сонымен қатар, Түркістан облысының төрт тұрғыны мал ұрлығына көмектескені анықталды.

Егер шекарашылардың кінәсі дәлелденсе, олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ұрланған мал иелеріне қайтарылды. Олардың кейбіреуі сотта сотталушыларды кешіретінін айтты. Басқа ауыл тұрғындары ұрланған сиыр мен жылқы саны бұдан да көп деп күдіктенеді.

"Менің де малым ұрланды - екі жылқы мен сиыр. Ұрлаған осылар болуы мүмкін. Маған да шығынымды өтеп берсін. Сонда кешірім беремін", - деді жәбірленуші Айгүл Жүнісова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети