12 қараша 2021 14:36

Түркістан облысында медицина қызметкері жалған вакцинация паспортын жасаған

Дина Шарипханова Корреспондент

Түркістан облысында полицейлер екпе паспортын қолдан жасады деген күдікпен медицина қызметкерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында полицейлер екпе паспортын қолдан жасады деген күдікпен медицина қызметкерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Атырау облысының тұрғыны жалған екпе төлқұжатын жасатқаны туралы ақпарат түскен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары қызметтік бабын пайдаланып, жалған паспорт жасап, сатумен айналысқан Қазығұрт аудандық ауруханасының қызметкерін анықтап, полиция бөліміне жеткізді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Дерек Қылмыстық кодекстің 385-бабы "Жалған құжаттарды, мөрлерді,  бланкілерді, мемлекеттік пошта белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау немесе өткізу" бойынша тіркелген.

Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп, тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram