1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Түркістан облысында медицина қызметкері жалған вакцинация паспортын жасаған 12 қараша 2021, 14:36

Түркістан облысында полицейлер екпе паспортын қолдан жасады деген күдікпен медицина қызметкерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Түркістан облысында полицейлер екпе паспортын қолдан жасады деген күдікпен медицина қызметкерін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Атырау облысының тұрғыны жалған екпе төлқұжатын жасатқаны туралы ақпарат түскен.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары қызметтік бабын пайдаланып, жалған паспорт жасап, сатумен айналысқан Қазығұрт аудандық ауруханасының қызметкерін анықтап, полиция бөліміне жеткізді", - делінген хабарламада.

Дерек Қылмыстық кодекстің 385-бабы "Жалған құжаттарды, мөрлерді,  бланкілерді, мемлекеттік пошта белгілерін, мемлекеттік наградаларды қолдан жасау немесе өткізу" бойынша тіркелген.

Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп, тергеу оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram