Түркістан облысында медициналық мекеме қызметкерлерін бопсалаған күдіктілер ұсталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында медициналық мекеме қызметкерлерін бопсалаған күдіктілер ұсталды Сурет: polisia.kz

Түркістан облысында медициналық мекеменің қаржылық қызметіне қатысты беделін түсіретін ақпаратты таратамыз және жариялаймыз деп қорқытқан қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында медициналық мекеменің қаржылық қызметіне қатысты беделін түсіретін ақпаратты таратамыз және жариялаймыз деп қорқытқан қылмыстық топтың жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал және Жетісай аудандарында орналасқан медициналық мекеме қызметкерлерінен ақша бопсалаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Ол Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы мен Түркістан облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерінің бірлескен операциясы нәтижесінде жүзеге асты. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Құрманбек Сахов айтты.

"Бұған дейін ПД криминалдық полиция басқармасына медициналық мекемелердің бірінің қызметкері белгісіз тұлғалар жалған мәліметтерді тарату және жариялау туралы бопсалау және бақылаушы органдардың жоспардан тыс тексерулерді ұйымдастыруы арқылы 32 миллион теңге сұрағаны туралы шағым түсірген болатын. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы 4-бөлігі "Аса ірі көлемдегі бопсалау" бойынша СДТБТ-де тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Жетісай қаласының дәмханаларының бірінде ірі көлемде ақша қаражатын бопсалау кезінде Жетісай қаласының тұрғыны ұсталды. Ұсталған адамнан заттай дәлел ретінде 32 миллион теңге сомасындағы ақша тәркіленді", - деп атап өтті Құрманбек Сахов.

"Одан кейін криминалдық Полиция басқармасының жедел қызметкерлері ҰҚКД қызметкерлерімен және ЖҚД бөлімшесімен бірлесіп, Мақтаарал ауданының тұрғынын ұстады. Қазір ұсталған адамдарға қатысты жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер УҰИ-ға қамалды", - деп түйіндеді полиция полковнигі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети