Түркістан облысында өгей әкеге қызын зорлады деген айып тағылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында өгей әкеге қызын зорлады деген айып тағылды

Түркістан облысында ер адамға кәмелет жасына толмаған қызын зорлады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.


Түркістан облысында ер адамға кәмелет жасына толмаған қызын зорлады деген айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, бұл жағдай қыз аудандық ауруханаға барғаннан кейін белгілі болған.

Медициналық тексеру кезінде дәрігерлер жасөспірім жүктіліктің 7-айында екенін анықтаған. Фельдшер полицияға кәмелетке толмаған қыз іші ауырғанына шағымданғанын айтқан.

"Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі ("Зорлау") бойынша тіркелген. Жәбірленушінің өгей әкесі ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінді. Ол ұсталып, уақытша тергеу изоляторына қамалды. Күдікті өз кінәсін толық мойындады", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптама тағайындалған. Оның барысында оқиғаның мән-жайы анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети