Түркістан облысында трамадол сатқан дәріхана қызметкері ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында трамадол сатқан дәріхана қызметкері ұсталды

Түркістан облысындағы Шардара қаласында дәріхана қызметкері 300-ден аса трамадол сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы Шардара қаласында дәріхана қызметкері 300-ден аса трамадол сатқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шардара қаласындағы дәріханалардың бірінде трамадол препаратын заңсыз сату дерегін анықтаған.

"Дәріхана сатушысы ұсталды. Тексеру кезінде оның 30 мың теңгеге әсері күшті трамадол препаратының 340 таблеткасын рецептсіз сатқаны анықталды. Бұл жайт Шардара АПБ-ға тіркеуге алынды, - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Бұл дерек бойынша жинақталған материалдар Түркістан облысы бойынша Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің департаментіне ҚР ӘҚБтК 426-бабы 1-бөлігі "Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу" бойынша жолданды.

Айта кетейік, трамадолды көп қолдану есірткілік мас болуға әкелуі мүмкін, физикалық және психологиялық тұрғыда тәуелді болып қалуыңыз мүмкін. Сонымен қатар, бұл дәріні жиі қолдану психиканың және ағзадағы кейбір мүшелердің бұзылуына әкеліп соғады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети