Түркістан облысында тұрғын Қызыл кітапқа енген тау арқарын сойып алған

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген тау арқарын ұстап, сойып алған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген тау арқарын ұстап, сойып алған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Экологиялық қылмыстардың алдын алу жөніндегі "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғыннан арқар етін тапты.

Бәйдібек ауданы Табиғатты қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Алмас Серіков күнделікті жұмысын атқару кезінде, таулы аймақта атқа мінген ер адамды байқап, оны тоқтатып не мақсатпен жүргенін сұрастырады. Сондай-ақ, тұрғынның өзімен бірге алып келе жатқан қапқа көзі түсіп, күмәнданған полицей тексереді. Осы кезде қап ішінен белгісіз аңның жаңа сойылған еті табылып, тәркіленіп алынды. Сараптама тағайындалды.

Полицейлер ер адамнан жауап алу барысында, ол қаптағы ет арқардың еті екенін, оны ұстаған кезін өз ұялы телефонына түсіріп алғанын айтқан. Мал бағып жүрген жігіт өзінің иттерімен бірге арқарды ұстап алған. Одан кейін жануарды сойып, қайтып келе жатқанында полицейге ұсталған.

Бүгінде бұл дерек Қылмыстық деректің 339-бабы "Сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" бойынша тіркеуге алынып, соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro