Түркістан облысында үй ауласындағы құдықтан ер адамның денесі табылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында үй ауласындағы құдықтан ер адамның денесі табылды Фото: polisia

Түркістан облысында үй маңындағы құдықтан ер адамның мәйіті табылды. Полицейлер адам өлтірді деген күдікпен оның жиенін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында үй маңындағы құдықтан ер адамның мәйіті табылды. Полицейлер адам өлтірді деген күдікпен оның жиенін ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға Келес ауданында болған. Ауыл тұрғыны жергілікті учаскелік полиция қызметкеріне хабарласып, жалғызбасты көршісі көптен бері көрінбегенін айтқан.

Мекенжайға жеткен учаскелік полиция қызметкері жан-жақты тексеріп, үй ауласында орналасқан құдық маңайында қан іздері барын байқаған. Екі метрлік құдық түбінен үй иесінің денесі табылады. Көршісі жоғалғанын хабарлаған тұрғын оны танып, жеке басын растаған.

Мәйітті құдықтан шығарғаннан кейін сот-медициналық сараптама тағайындалды.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша тіркелді. Барлық мән-жайды анықтау үшін полицейлер марқұмның таныстары, туыстары, достары және көршілерінен жауап алды", - деді полицейлер.

Жәбірленушінің жиені жедел уәкілдер назарына іліккен. Полицейлер оны аудан орталығындағы көшелердің бірінде ұстады. Ер адам туысына қонаққа келгенде, олардың арасында жанжал шыққаны анықталды. Салдарынан жиені нағашысын ұрып өлтірген. Ізді жасыру үшін күдікті мәйітті құдыққа лақтырып, ізін суытқан.

"Күдікті қамауға алынды. Соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети