08 қараша 2019 | 09:30

Түркістан облысында үйден бағалы заттарды тонаған ер адам ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысы полицейлері аса ірі көлемде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы полицейлері аса ірі көлемде ұрлық жасаған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицейлердің мәліметінше, жергілікті тұрғын үйіне белгісіз біреулердің терезе арқылы кіріп, үйдің ішінен сыртқы қоралардың кілтін алып, гараж ішіндегі "Газель" көлігін заңсыз жымқыру мақсатымен шығарып алғанын айтып шағымданған. Сондай-ақ үйден бағалы тондар мен алтындарды, жиһаздар мен техникалық құралдарды, ақшасын, сейфін ұрлап, жалпы құны 13 миллионнан аса шығын келтіргенін айтқан.

"Ұрлық қылмысын ашып, күдіктіні ұстау мақсатында Жетісай АПБ-нің білікті де тәжірибелі криминалдық полиция және учаскелік полиция инспекторларымен арнайы топ құрылып, жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізеді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары, қылмыстың ізін суытпай тауып, бір күнге жеткізбей, ұрланған жүк көлігін 30 шақырым қашықтыққа "Мақтаарал" ауданы маңында айдап бара жатқан жерінен күдіктіні ұстайды. Күдіктіден айғақты заттар алынып, заңды иесіне қайтарылды", - делінген полицейлердің хабарламасында.

Күдікті Жетісай АПБ-нің уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Күдікті жергілікті тұрғын, еш жерде жұмыс істемейді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданған. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети