24 қазан 2019 18:09

Түркістан облысының тұрғыны шетел азаматшасын зорлады деген күдікке ілінді

Сарыағашта Өзбекстан азаматшасын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сарыағашта Өзбекстан азаматшасын зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"23 қазанда Өзбекстан азаматшасы қызының зорланғаны туралы полицияға арыз жазған. Сол күні Сарыағаш аудандық полиция бөліміның қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады. Сол күні кешкі уақытта полицейлер күдіктіні анықтап ұстаған. Қазіргі уақытта ол қамауға лаынды", - делінген хабарламада. 

Реклама
Реклама

 Айта кетейік, қоғам қайраткері Құрманғазы Мүсір Facebook желісіндегі парақшасында Түркістан облыстық полиция департаменті басшысы Қайрат Дәлбековке және кәмелетке толмаған балалардың мәселесімен айналысатын Аружан Сайынға осы жағдайды бақылауға алу туралы өтініш білдірген. Оның айтуынша, кәмелетке толмаған қыз зорланған, оны пышақпен қорқытып, екі адам қорлық көрсеткен. 

"Сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу барысында оқиғаның мән-жайы анықталатын болады. Оқиғаға екінші адамның қатысы бар деген мәлімет шындыққа жанаспайды", - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram