03 мамыр 2024 10:24

Қазақстанда көлікті заңсыз тіркеумен айналысқан топ: Антикор видео көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Мемлекетке 1,2 миллиард теңге көлемінде залал келтірген, арнайы ХҚКО-ларда ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекетке 1,2 миллиард теңге көлемінде залал келтірген, арнайы ХҚКО-ларда ұйымдасқан қылмыстық топ сотталды- деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 сәуірде Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты заңнамада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді заңсыз тіркеумен айналысатын арнайы ХҚКО мен полиция қызметкерлеріне және азаматтық тұлғаларға қатысты үкім жариялады.

Олар ұйымдасқан топ құрып, басшылық жасау, мемлекетке мүліктік залал келтіру, Web-Модуль ҚКО және "ХҚКО ИАЖ" ақпараттық жүйелерінде көлік құралдары туралы мәліметтерді заңсыз енгізу және жою, мәмілелердің жазбаша нысандарын қолдан жасау бойынша айыпты деп танылды.

2022 жылғы қаңтардан мамырға дейін қылмыстық топ шетелден әкелінген 462 автокөлікті заңсыз тіркеген. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 1,2 миллиард теңге болады.

"Сот үкімімен 32 адам сотталды, оның ішінде қылмыстық топтың ұйымдастырушылары - Астана қаласының №2 мамандандырылған ХҚКО басшысы Ш. Бөкебаев пен Астана қаласының арнайы ХҚКО мамандары А. Там-Оглы мен Х. Там-Оглы 9 жыл бас бостандығынан айырылды, топтың 5 қатысушысы 6 жыл бас бостандығынан айыру, ал жазаның әртүрлі мерзімдері бойынша 17 "көмекшіге" бас бостандығынан айыру және шектеу түріндегі жаза тағайындалды", - деп жазылған мәліметте.

Сондай-ақ, 7 қызметкер 2 жыл 6 айдан бастап бас бостандығын шектеуден 3 жыл 6 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Олар арнайы атақтарынан және мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойы айырылды.

Сот процесі Астана қаласы Полиция департаментінің жеке құрамының, сондай-ақ, Астана қаласы арнайы ХҚКО қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 464.8   490.7   5.24 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети