Түркістан облысының тұрғынынан бағалы бұйымдар ұрланған

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының тұрғынынан бағалы бұйымдар ұрланған Сурет: polisia.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері Жетісай тұрғынынан 44 миллион теңге ұрлаған күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында полиция қызметкерлері Жетісай тұрғынынан 44 миллион теңге ұрлаған күдіктіні анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жетісу аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғын ұрлық туралы арыз берген. Әйелдің айтуынша, оның үйіне терезеден белгісіз біреулер кіріп, миллион теңге ақша, гауһар тастары бар алтын бұйымдар мен ұялы телефон ұрлап кеткен. Шығынның жалпы сомасы - 44 миллион теңге.

"Полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтап, ұстады. Ол Жетісай қаласының тұрғыны болып шықты, қамауға алынды. Қаскүнем жәбірленушінің үйінде алтын әшекейлер мен ақша барын білген", - деді құқық қорғау органдары.

Бұл дерек 188-бап "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы, оның осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети