15 сәуір 2019 16:44

Түркістанда 41 адамды сан соқтырып кеткен "алаяқ" әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

КТК арнасы КТК арнасы

Тергеушілер Түркістан облысының 40-тан аса тұрғынын алдаған алаяқ әйелге қатысы бар іс материалдарын сотқа жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Тергеушілер Түркістан облысының 40-тан аса тұрғынын алдаған алаяқ әйелге қатысы бар іс материалдарын сотқа жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2019 жылдың наурызында Түркістан қаласының ҚПБ-на жергілікті тұрғыннан мемлекеттік бағдарлама аясында қомақты қаржы алып беремін деп ақшасын алған әйелге қатысты арыз келіп түскен. Осы жағдайға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша СДТБТ-не тіркеуге алынды. Полиция басқармасына дәл осындай жайтқа қатысты оншақты арыз келіп түскен.

"Қылмысты ашу мақсатында Түркістан облыстық полиция департаментінің криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын өткізіп, нәтижесінде Түркістан облысының жұмыссыз жүрген жергілікті тұрғынын ұстады. Полицейлердің анықтауы бойынша, алаяқ әйел жұмысқа орналастырып беремін немесе мемлекеттен қаржы алып беремін деген жалған уәдемен адамдардың ақшаларын алып отырған. Тергеу барысында күдіктінің алаяқтықтың 41 жайтына қатысы бар екені және жәбірленушілерге 1,5 миллион теңгеден аса залал келтіргені анықталды", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта әйелге қатысты жинақталған мәліметтердің барлығы сотқа жолданды.

Түркістан облысының полицейлері алаяқтың құрбаны болмас үшін, бейтаныс адамдармен әңгімелескенде ерекше сақ болуын сұрайды. Сонымен қатар, бөтен адамдардың сұрақтарына немесе танымайтын нөмірлерге жауап бергенде жеке мәліметтерді айтпауға кеңес береді. Аалаяқтардың құрбаны немесе куәгері болған жағдайда тез арада "102" телефонына хабарласуды сұрайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети