Түркістанда банктің бұрынғы қызметкері клиенттерді 40 миллион теңгеге алдап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда банктің бұрынғы қызметкері клиенттерді 40 миллион теңгеге алдап кеткен Фото: elements.envato.com

Түркістан банктерінің бірінің бұрынғы менеджері өз қарыздарын клиенттерге рәсімдеп, өзгелердің  депозиттерінен ақша алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан банктерінің бірінің бұрынғы менеджері өз қарыздарын клиенттерге рәсімдеп, өзгелердің  депозиттерінен ақша алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысының полиция өкілдерінің мәліметінше, өзге адамдардың атына несие рәсімдеген банктің бұрынғы қызметкерінің ұсталды. Ол Түркістандағы банктердің бірінде менеджер болып жұмыс істеп, әр түрлі мәселе бойынша клиенттердің құжаттарын пайдаланып, олардың атына несие алу үшін пайдаланған.

Осылайша, алаяқ 11 адамға несие "іліп" қойған. Ол, сондай-ақ, үш адамның депозитінен ақша аударып алған. Оның әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын - 40 миллион теңге.

Бұл деректі полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеген. Күдікті алған ақшасын құмар ойындарға жұмсағанын мойындады. Бүгінде бұл дерек бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети