Түркістанда белгісіз біреулер тапа-тал түсте атыс шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда белгісіз біреулер тапа-тал түсте атыс шығарды

Желіде Түркістанда болған атыстың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Желіде Түркістанда болған атыстың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны түсіріп тұрған ер адам атыс болып жатқанын айтады. Кадрлардан үш ер адамның жолды кесіп жүгіріп өткені, кейін соңғы екеуі біріншісін ұстап алып, күштеп көлікке кіргізіп жатқанын көруге болады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Сәлем Түркістан! (@salem.turkistan)

Облыстық полиция өкілдері бүгін, 24 сәуірде Түркістан көшелерінің бірінде белгісіз біреулер травматикалық қарудан оқ атқанын хабарлады.

"Аталған деректі полиция қызметкерлері қылмыстық кодекстің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша тіркеді. Оқиға орнында жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Оларды ұстауға шаралар қабылданып жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталады", - деді полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети