05 қазан 2015 | 16:45

Түркістанда дабыл қағып жүрген кортеждің қатысушылары жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер түркістандық кортеждің қатысушыларына айыппұл салды, олар жолды жауып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысында полицейлер түркістандық кортеждің қатысушыларына айыппұл салды, олар жолды жауып тастаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Интернетте Түркістанда болған тағы бір кортеждің видеосы пайда болды. Халықаралық тас жолда болған оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Видеодан бірнеше автокөліктің жолда жүру ережесін бұзып, қарсы бағытқа шығып, арнайы дабылдарды қолданып, жолды жапқандарын көруге болады. Видео 29 қыркүйек күні кешке түсірілген.

Полицейлер Lexus, Hummer, Toyota Land Cruiser автокөліктерінің жүргізушілерін анықтады. Олар Түркістанның 1971, 1973, 1988, 1990, 1991 және 1995 жылғы тұрғындары. Полициядағылардың мәлімдеуінше, құқық бұзушыларға қатысты үш баппен хаттама толтырылып, көліктер айып тұрағына қойылды.

Еске сала кетейік, соңғы аптада БАҚ бірнеше кортеждің жолдағы әрекеті туралы талқылады. Алматы көшесінде шоу ұйымдастырғандар 10 тәулікке қамалды. Сонымен қатар, Астанада той кортежінің жүргізушілеріне жаза тағайындалды. Ол оқиғадан кейін полиция полковнигі Бақытжан Балташев жұмысынан айырылды. Отставканың себебі оның ұлының үйлену тойына жалданған той кортеждерінің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзуы болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети