18 наурыз 2021 11:14

Түркістанда жол бойында адам пышақтаған тұрғын ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: orinfo.ru Иллюстрациялық фото: orinfo.ru

Түркістан облысында жол бойында адам пышақтаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысында жол бойында адам пышақтаған тұрғын ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, пышақ ұстаған күдіктіні оқиға болған жерде учаскелік полиция инспекторы құрықтаған.

Оқиғаның мән-жайын куәгер Жасур Жұмабай айтып берді. Бұл уақытта ол Түркістаннан Кентау қаласына қарай өз көлігімен түнгі уақытта кетіп бара жатқан, сол сәтте жол бойында тоқтап, жиналып тұрған бір топ адамды көрген.

"Жол-көлік оқиғасы болды ма, неге адамдар жиналып тұр деп мен де тоқтап, жақындадым. Бір жігіт жолдың ортасында екінші бір жігіттің мойнына пышақ сұғып, үстіне отырып алып, жібермей тұр екен. Сол жерде тұрған басқа да куәгерлермен бірге екеуін ажыратпақ болып, оның ұстап алған жәбірленушісін құтқарғымыз келіп жақындай бергенімізде қолындағы пышағын бізге сермеп, жақындасаңдар барлығыңды өлтіремін деп маңына да жолатпады. Қорыққанымыздан не істерімізді білмей қалдық. Полиция мен жедел жәрдемге хабар бердік.

Сол сәтте біздің жанымызға көлік келіп тоқтады да, ішінен бір полиция қызметкері атып шықты. Жүгіріп барып, қылмыскердің қолынан шап беріп, пышағын алып, оның қарсыласқанына қарамастан қолын қайырды. Осылайша көз алдымызда біз дауаламай тұрған оқиғаны бірден тоқтатты. Сәлден соң басқа да полиция қызметкерлері мен жедел жәрдем келді. Біз бірнеше адам сол кезде есімізді жиып, полицейдің қолын қысып, рақмет айттық. Есімі Нұрлан екен. Содан соң ол "Біздің жұмыс қой бұл" деді де кетіп қалды", - дейді ол.

Оқиға 2021 жылдың 12 наурызда сағат 23:30 шамасында болған. Нақтырақ айтар болсақ, сол күні Түркістан облысы Кентау қаласының полиция бөліміне учаскелік полицей күдіктіні құрықтап, жеткізген.

Ал қылмыскерді құрықтаған полицей - Кентау қалалық полиция бөлімінің учаскелік полицейі майор Нұрлан Әбдиев.

Нұрлан Әбдиев

"Учаскелік полицей болғандықтан сол күні түнгі шақырылымнан шығып, қызмет бабымен әріптесім учаскелік полиция инспекторы майор Біржан Әбубәкірмен бірге Түркістан қаласына кетіп бара жатқан едік. Қарасақ жолдың ортасында адамдар жиналып тұр, жанында көлік тоқтап тұр екен. Анықтап қарасам, белгісіз бір азамат қолында пышағы бар, екінші бір жігіттің үстіне шығып алып, жібермей тұр. Бергі жағында адамдар жақындай алмай үрейленіп тұр екен. Көлік тоқтай салысымен бірден түстім де, қылмыскердің сөзін тыңдамастан бірнеше әдіс-тәсілімді қолданып, әрдайым шынығып жүргенімнің арқасында оны құрықтап үлгердім. Басқа да куәгерлерге зиянын тигізбесін деп әріптестерім келгенше ұстап отырдым", - дейді Нұрлан Әбдиев.

Ұсталған күдіктінің Кентау қаласының жергілікті тұрғыны және бұрын сотты болғаны анықталды. Ол жолаушы ретінде көлігінің артқы жағында отырған жігітті жол бойына шығарып алып, мойнынан пышақ сұққан. Күдіктінің қолынан жарақаттанған жігіт ауруханада көз жұмды.

Қазіргі таңда учаскелік полицей құрықтаған күдікті қамауда, оған қатысты Кентау ҚПБ-да ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтiру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети