13 мамыр 2014 | 16:22

Түркістанда қарақшылар бір үйге шабуыл жасап, тонап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Түркістанда бір отбасыға қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда бір отбасыға қарақшылық шабуыл жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан қалалық Ішкі істер басқармасының кезекшілік бөліміне 17 жасар жасөспірім телефон соғып, оның үйін белгісіз біреулер тонап, жақындарын ұрып-соғып кеткенін айтқан. Сол үйдегі 47 жастағы әйелдің айтуынша, 12 мамыр күні шамамен кешкі сағат 9-да күйеуі досының тойына кеткен уақытта үйіне тапаншамен, пышақпен қаруланып, бетперде киген белгісіз 4 адам басып кірген.

Қарақшылар әйелді және оның балаларын ұрып-соғып, ауыздарын скотчпен матап тастаған. Тіпті олардың бірі үлкен қызының мойнына қолындағы пышақты тақап, әйелден үйдегі бар ақша мен алтындарды беруді талап еткен. Бөлменің ішін тінтіген қарақшылар 12,5 миллион теңге мен алтын бұйымдарды алып кеткен.

Полицейлер "Ұстау" жоспарын іске асырып, жедел түрде ұрылардың ізіне түсіп, бір тәуліктің ішінде жеті күдіктіні қолға түсірген. Олардың алтауы жергілікті тұрғын болып шықты, олар: 1981, 1997, 1998, 1995, 1994 жылдары туған, ал тағы біреуі 1961 жылы дүниеге келген Қызылорда облысының азаматы екен. Ол күдікті бірнеше рет сотталған, тіпті осы қылмысты да ұйымдастырған сол болып шықты. Заттай айғақ ретінде полицейлер Toyota Camry 20 маркалы автокөлігін, 2 миллионнан астам теңге және ұрланған алтындардың бір бөлігін тәркілеген. Қазір бұл оқиға қатысты "Қарақшылық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети