02 шілде 2019 | 09:07

Түркістанда өгей қыздарын азаптаған әйел сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда өгей қыздарын азаптап келген әйел сотталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Иконка комментария блок соц сети

Түркістанда өгей қыздарын азаптап келген әйел сотталды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бірер күн бұрын ғана босанған Жұлдыз Көбееваны сот кінәлі деп тауып, оны 4 жылға бас бостандығынан айырды.

Жетісайлық 28 жастағы келіншек кәмелетке толмаған үш қызды аса қатыгездікпен қинап келгені биыл сәуір айында әшкере болған. Ол екі жылдай күйеуінің бірінші некеден қалған үш қызының тырнақ астына ине тығып, мұздатқышқа қамап, тіпті ыстық суға отырғызып келген. Бұл сұмдық жайлы қыздардың бірі мұғаліміне айтып берген. Қатыгез келіншек қинау түрлері мен жазалау мерзімін жазып отыру үшін арнайы дәптер де арнаған. Енді ол абақтыдан шыққанша екі жасар ұлын күйеуі тәрбиелейді. Ал қырқынан да шықпаған сәбидің тағдырын арнайы органдар шешпек.

"Cол кішкентай баланың тағдыры қазір сол аудандық білім бөлімінің қорғаушы және қамқоршы мекемесінің қауына, осы қорғаншылық қамқоршылық мәселесін шешу үшін сол кісілерге берілді. Ар жағы атқару жүйесі білім бөлімі өздері сол баланың тағдырын шешеді", - деді Түркістан облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қанатбек Қоңырбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети