Түркістанда ойыншық тапаншамен қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда ойыншық тапаншамен қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды Видео кадры

Түркістан облысында ойынханаға қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында ойынханаға қарақшылық шабуыл жасағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"7 шілдеде таңғы сағат 4:58 шамасында, "102" пультіне облыс орталығында орналасқан ойын клубының кассирі хабарласты. Жәбірленушінің айтуынша, бетперде таққан белгісіз біреулер ойынханаға қарақшылық шабуыл жасаған. Яғни бетперде киген, қолында қаруы бар екі ер адам кіріп, айтқан талаптарын орындамаса дене жарақатын саламыз деп қорқытқан. Одан ары жас жігіттер арам ойын іске асырып, ойынханадағы касса жәшігін бұзып, ішінен 350 000 теңге ақшаны алып, ізін суытқан", - деді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов.

Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы 2-бөлігі "Қарақшылық" бойынша тіркелген.

Түркістан облысы Криминалдық полиция басқармасы мен Түркістан қалалық полициясының тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы жедел-тергеу тобы құрылған. Жақын маңдағы аумақтар қаралып, ықтимал куәлардан жауап алынды. Бейнебақылау камералары тексерілген. Жан-жақты жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде екі тәулік ішінде күдікті ретінде екі тұрғын анықталып, ұсталған.

Суреттер: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметінен

"Тергеу барысында жас жігіттер қылмыс жасағанын мойындап, ұрланған ақшаны жеке қажеттіліктеріне жұмсағанын жеткізді. Сонымен қатар, күдіктілердің бірі қолындағы тапанша ойыншық екенін, оны қала базарларының бірінен сатып алғанын айтты. Ал қарақшылық шабуыл жасағаннан кейін ол қаруды дәретханаға тастаған. Ойыншық тапанша заттай дәлел ретінде тәркіленіп алынды", - деді Құрманбек Сахов.

Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауда.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети