Түркістанда “Сарыағаш” қылмыстық тобы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда “Сарыағаш” қылмыстық тобы ұсталды

Түркістан облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Түркістан облысы бойынша ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесе отырып, Сарыағаш қаласындағы “Қапланбек” шекара маңындағы өткізу бекетінде ұзақ уақыт бойы ТМД жүк тасымалының жүргізушілерінен 15000-нан 50000 теңгеге дейін ақша бопсалаған “Сарыағаш” қылмыстық тобын ұстады.

"Өзбекстан Республикасына жол жүргендер ақша беруден бас тартқан жағдайда  ҰҚТ қызметкерлері қорқытып, жәбірленушілерді ұрып-соғып, алдыңғы әйнектерін сындырып, жүк автокөліктерінің дөңгелектерін тесіп кеткен", - дейді полицейлер.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында, жедел уәкілдер күдіктілерді тұрғылықты жері бойынша ұстады.

Барлығы 13 күдікті анықталды.Барлық ұсталғандар - Түркістан облысының тұрғындары.

Қазіргі уақытта аталған фактілер бойынша Қылмыстық кодекстің 194-бабы “Қорқытып алу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктілер қамауға алынды. Айғақты зат ретінде қару, пышақ және ақша алынды. Полиция қызметкерлері қылмыстық топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети