Түркістанда такси жүргізушісін өлтірді деген күдіктілер ұсталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© nm45.ru © nm45.ru

Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қол ұшын берген азаматтардың арқасында такси жүргізушісінің өліміне қатысы бар күдіктілерді "ізін суытпай" құрықтады, - деп хабарлайды "Отырар"

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркістан облысы криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері қол ұшын берген азаматтардың арқасында такси жүргізушісінің өліміне қатысы бар күдіктілерді "ізін суытпай" құрықтады, - деп хабарлайды "Отырар"

2019 жылдың 17 мамырында Сайрам аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне жергілікті тұрғыннан хабарлама келіп түседі. Азаматша жолдың жиегінен денесі қанға боялып жатқан ер азаматты көргенін айтады. Оқиға орнына аудандық полиция басқармасынан тез арада жедел-тергеу тобы аттанады. Куәгерлерден жауап алу барысында жедел уәкілдер, күндізгі сағат 16.30-дар шамасында, "Ауди" маркалы көлігі жол бойына тоқтап, ішінен денесі қанға малынған жүргізуші шығып бара жатады да, көп жүрмей жол жиегіне барып сылқ етіп құлайды. Артынша көліктен жас қыз бен жолаушы шығады да, жүргізушіні көтеріп алып, көлікке қайтадан салады.

"Бұл азаматты емханаға алып барамыз"-деп айтып, Шымкент жаққа қарай жүріп кетеді. Криминалистер оқиға орнынан қанның іздерін алады. Аталмыш жайтты полицейлер "Қарақшылық" бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркейді. Дәл сол күні жедел уәкілдер автокөлік иесінің, яғни жүргізушінің жеке тұлғасын анықтайды. Ол Түркістан облысының жергілікті тұрғыны екен.

Атқарылған жедел іс-шаралар барысында тәртіп сақшылары жас ер азаматтың қарақшылардың құрбанына айналуы мүмкін деген тұжырымға келеді. Ауыр қылмыс жасаған күдіктілерді құрықтау үшін облыстан криминалдық полиция мен тергеу басқармасының тәжірибелі қызметкерлерінен арнайы топ құрылып, "Тосқауыл" жоспарын құрып және шекара маңындағы облыс аумақтарына полиция нарядтарын қояды. Түркістан облысы Полиция департаментінің және Шымкент қаласының барлық жеке құрамына бағыт беріледі.

Нәтижесінде, полицейлер Сарыағаш ауданындағы жолдың жиегінен өлікпен бірге тастап кеткен иесіз көлікті табады. Жедел-іздестіру шарасының аясында Сарыағаш сақшылары жергілікті автовокзалдан Алматыға қарай кетпекші болған күдіктілерді құрықтайды. Сонымен қатар,қылмыс жасаған жас қыздың көршілес республиканың тұрғыны, ал ер азаматтың Алматы облысының тұрғыны екендігін анықтайды. Екеуі де қамауда.

Сайрам аудандық полиция басқармасының тергеушілері ҚР Қылмыстық кодексінің "Қарақшылық" және "Адам өлтіру" баптарымен күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тексеру амалдарын жүргізуде. Тексеру барысында оқиғаның мән-жайы толық анықталатын болады. Сараптамалар тағайындалды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro