Түркістанда танысына пәтер алып берем деп 2 миллион ақша алған әйел сотталды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістанда танысына пәтер алып берем деп 2 миллион ақша алған әйел сотталды polisia.kz

Түркістан облысында алаяқтық жасаған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында алаяқтық жасаған әйелге қатысты сот үкімі шықты. Ол 4 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Кентау қалалық Полиция департаментіне жергілікті тұрғыннан арыз түскен. Оның айтуынша, танысы Кентау қаласынан пәтер алып берем деп 2 миллион теңге ақша алған. Бірақ ол айтқан уәдесін орындамаған, алған ақшасын да қайтармаған.

Полиция қызметкерлері бұл жайтты ҚК-нің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша тіркеуге алды. Кентау қалалық Полиция департаментінің қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктіні ұстады.

Ведомство мәліметінше, ұсталған азаматтың бұдан басқа сегіз оқиғаға қатысы бар екені анықталған. Іс құжаттары заңды шешім қабылдау үшін Кентау қалалық сотына жолданған. Нәтижесінде, оған қатысты сот үкімі шықты.

"ҚР ҚК-нің 190-бабында көзделген заң талаптарын өрескел бұзған күдіктіге қатысты Кентау қалалық соты төрт жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады", - деп мәлімдеді ведомство өкілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети